Мазмұнға өту

Қазақстан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Координаттар: 48°57′00″ с. е. 66°14′00″ ш. б. / 48.95000° с. е. 66.23333° ш. б. / 48.95000; 66.23333 (G) (O) (Я)

Қазақстан Республикасы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Алаш! (тарихи)
Алға Қазақстан! (ресми емес)»
Әнұран: «Менің Қазақстаным» (тыңдау )
Тарихы
Құрылды 1465 жыл (Қазақ хандығы)
16 желтоқсан 1991 жыл (Қазақстан)
Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан 1991 жыл (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері қазақ тілі[a]
Елорда Астана
Ірі қалалары Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Атырау, Семей
Үкімет түрі Унитарлы президенттік республика[2]
Президенті
Вице-президент
Премьер-министрі
Құрылтай төрағасы
Қасым-Жомарт Тоқаев
Орны бос
Олжас Бектенов
Орны бос
Мемлекеттік діні зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
 % су беті
Әлем бойынша 9-орын
2 724 902 км²
2,8
Жұрты
• Сарап (2026)
• Санақ (2021)
Тығыздығы

20 547 909[3] адам (62-орын)
19 186 015[4] адам
7,5 адам/км² (184-орын)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2026)
 • Жан басына шаққанда

973,36 млрд[5] $ (36-орын)
47 260[5] $ (56-орын)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2025)
 • Жан басына шаққанда

305,91 млрд[6] $ (49-орын)
15 527 $ (64-орын)
АДИ (2023) 0,837 (өте жоғары) (60-орын)
Этнохороним қазақстандық, қазақстандықтар
Валютасы Қазақстан теңгесі
(KZT, код 82)
Қосымша мәліметтер
Әуе компаниясы Air Astana, SCAT, Qazaq Air, FlyArystan
Интернет үйшігі .kz, .қаз
ISO коды KZ
ХОК коды KAZ
Телефон коды +7
Уақыт белдеулері UTC+5
 Басқа мағыналар үшін Қазақстан (айрық) деген бетті қараңыз.

Қазақстан (Дыбысы [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы,[b]Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларынан, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне созылады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов теңізі мен Қара теңізге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас. Қазақстанның солтүстігі мен батысындағы көршісі Ресеймен шекарасы — әлемдегі құрлықтағы ең ұзын шекара (7 591 километр). Қазақстан оңтүстігінде Түрікменстанмен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13 394 километр. Батыста Каспий теңізімен (2000 километр), оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.

2026 жылғы 1 сәуірдегі елдегі тұрғындар саны — 20 547 909 адам[3], бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 902 км²).

Елдің елордасы — Астана қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақтар құрайды, пайыздық үлесі — 70,18%,[7] орыстар 18,42%, өзбектер 3,29%, украиндар 1,36%, ұйғырлар 1,48%, татарлар 1,06%, басқа халықтар 5,38% (2021).[8] Халықтың 75% астамын мұсылмандар құрайды, православ христиандар 21%, қалғаны басқа да дін өкілдері (2009).[9]

Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) (номинал) — $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылықтары: егіншілік, мал, балық, ара, орман). Елдің негізгі валютасы — теңге.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) ыдырауына байланысты Қазақстан өз егемендігін жариялады және көп ұзамай халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. Қазақстан 1992 жылының 2 наурызынан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.

Этимологиясы

Қазақстан сөзі қазақ[10][11] және -стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда.[12][13][14]

«-стан» суффиксі парсы тіліндегі stân (парсы: ستان; estân, istân) сөзінен келген. Парсы тілінде -стан суффиксі жер дегенді білдіреді және географиялық атаулар сыртында да қолданылады, мысалға rigestân (ریگستان; құм, шөл жері), golestân (گلستان; гүл, бақша жері).[15]

Тарихы

Толық мақаласы: Қазақстан тарихы
Темір дәуірі кезіндегі Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан

Қазақстан жерінде адам баласы палеолиттен бері тұрады.[16] Ботай мәдениеті (б.з.б. 3700–3100) жылқыны тұңғыш рет асыраған делінеді. Ботай мәдениетінің солтүстік еуразиялық та, шығыс азиялық та генеалогиясы болатын.[17] Пасторализм аймақта неолит дәуірінде дамыған. Қола дәуірі мен темір дәуірі кезінде халық еуропалық нәсілге жататын.[18][19]

Тарихтан бұрынғы заманда Орталық Азияда мүмкін үндіеуропа делінетін Афанасьев мәдениеті,[20] кейін үндіиран Андроново мәдениеті,[21] кейін сақтар мен массагеттер тұрды.[22] Өзге топтар қатарында скифтер мен оңтүстіктегі парсылардың Ахемен әулеті болды.

Б.з.б. 329 жылы Ескендір Зұлқарнайын мен оның македон әскері Яксарт өзені маңында скифтерге қарсы шайқасты. Қазір Сырдария делінетін бұл өзен елдің оңтүстігінде орналасқан.

Түркі қағанаты

Толық мақаласы: Түрік қағанаты

Түркілердің басты миграциясы V және XI ғасырлар арасында орын алды. Осы кезде олар Орталық Азияның көбіне тараған болатын. Түркі тайпалар бұрынғы ирандық тілділердің орнын алды да, нәтижесінде аймақтың көбісі генеалогиялық тұрғыдан шығыс азиялық болды.

Бірінші Түркі қағанатын Бумын моңғол даласында 552 жылы негіздеді, мемлекет көп ұзамай Каспий теңізіне қарай созылды. Көне түркілер миграция кезінде хиониттер, оногурларды ығыстырды. 35 жылдан кейін мемлекеттің шығыс және батыс бөліктері бөлек кетті. Батыс Түрік қағанаты өз шыңына VII ғасырдың басында жетті.

Құман-қыпшақтар мен Алтын Орда

Толық мақалалары: Қыпшақ даласы және Алтын Орда
Еуразиядағы Құман-Қыпшақ конфедерациясы, шам. 1200 жылдар. Қазақтар қыпшақтар мен өзге де түркі мен моңғол тайпалардан тараған

Құмандар қазіргі Қазақстанға XI ғасырдың басында орналасты. Олар кейін қыпшақтармен бірігіп, Құман-Қыпшақ ірі конфедерациясын құрды. Ұлы Жібек жолы көмегімен өскен Тараз (Әулие-Ата) бен Хазреті Түркістан қалаларының беделіне қарамастан даладағы толыққанды саяси нығаю моңғолдар тұсында ғана басталды. XIII ғасырдың бірінші жартысында басталған Моңғол империясының билігі тұңғыш рет бекітілген әкімшілік бірліктерден (ұлыстан) құрылды. 1259 жылғы Моңғол империясының бөлінісінен кейін Қазақстан Жошы ұлысы делінген Алтын Орда қарамағына түсті. Алтын Орда тұсында Шыңғыс ханның түркіленген ұрпағы Ислам дінін қабылдап, аймаққа билеуін жалғастырды.

Қазақ хандығы

Толық мақаласы: Қазақ хандығы

1465 жылғы Алтын Орда ыдырауынан Қазақ хандығы пайда болды. Керей мен Жәнібек құрған бұл мемлекеттің билеушілері де Жошы хан ұрпағы Төре әулетінен тараған болатын. Осы билік тұсында көшпенді өмір-салты мен малға негізделген экономика даладағы өмірін жалғастыра берді. XV ғасырда қазақ жеке ұлттық ой-санасы шыға бастады. Бұл қазақтардың шайбанилерден бөлінгенінен кейін басталды. XVI ғасырдың ортасына қарай қазақ тілі, мәдениеті, экономикасы негізделіп қалды.

Географиясы

Толық мақаласы: Қазақстан географиясы

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.

Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с. е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с. е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш. б.) Елтон және Басқыншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш. б.) Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді.

Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері — Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан.

Әкімшілік бөлінуі

Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 17 облыс, 89 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент), 186 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

Қазақстан әкімшілік бірліктері және олардың орталықтары (8 маусым 2022 жылдан бастап)

Ірі қалалар

Тағы қараңыз: Қазақстан қалалары
Астана
Алматы
Байқоңыр ғарыш айлағы
ОрныҚалаТұрғыны
Миллионер қала> 1 млн
1Алматы2 175 218
2Астана1 367 156
3Шымкент1 198 570
Жүз мыңнан астам тұрғынды қалалар100–999 мың тұрғын
4Қарағанды516 946
5Ақтөбе562 355
6Тараз428 337
7Семей329 457
8Павлодар334 057
9Өскемен367 749
10Атырау404 129
11Қостанай265 186
12Қызылорда351 828
13Орал357 704
14Петропавл222 276
15Ақтау274 053
16Жаңаөзен148 921
17Теміртау177 695
18Түркістан221 493
19Көкшетау191 692
20Талдықорған202 147
21Екібастұз145 473
22Рудный123 805
Барлық тұрғын саны
(ірі қалаларда):
10 366 347
Қазақстанның жалпы тұрғын саны:19 879 003
Ірі қалалардың тұрғын санындағы үлесі %52,1%

Халқы

Толық мақаласы: Қазақстан демографиясы
Өңір 1991199219931994199519961997199819992000
Қазақстан Республикасы 16 358 22216 451 71116 426 47816 334 86515 956 66715 675 81915 480 63515 188 17414 955 10614 901 641
Абай облысы
Ақмола облысы 1 069 3821 070 3721 064 5811 052 9241 009 564970 704937 763879 300829 207799 179
Ақтөбе облысы 739 303740 388735 845734 795720 696711 720705 309694 633682 546677 715
Алматы облысы 1 655 2581 662 2491 647 7351 643 9411 616 1531 596 9431 584 6031 569 0621 556 5351 557 141
Атырау облысы 427 065432 898434 554436 122435 649435 168436 382437 895439 357441 692
Батыс Қазақстан облысы 642 601651 071657 871660 838652 705647 004640 301629 336617 370609 161
Жамбыл облысы 1 043 7691 042 1871 037 8191 031 5721 013 3181 002 020998 526989 707988 856986 144
Жетісу облысы
Қарағанды облысы 1 711 7831 692 8041 678 1591 646 0921 584 8091 537 2481 501 0261 461 1471 411 4051 390 454
Қостанай облысы 1 239 0951 253 5191 248 6851 239 3351 201 5391 159 4631 132 9841 076 4791 020 504988 787
Қызылорда облысы 586 157592 410601 602599 259590 926587 364589 176592 143595 503598 526
Маңғыстау облысы 334 248340 245338 799325 194305 130306 342309 883314 729314 035315 203
Павлодар облысы 947 569955 985951 677941 906912 004885 306865 823837 756808 363790 774
Солтүстік Қазақстан облысы 912 148917 888917 349916 703880 580843 213804 291756 722727 001713 628
Оңтүстік Қазақстан облысы 1 864 0331 889 3321 912 7161 932 6801 940 6691 953 5211 969 4171 966 4111 975 5532 005 023
Шығыс Қазақстан облысы 1 773 2931 777 3141 772 6721 753 1661 685 0391 638 3421 600 2361 562 2581 532 9431 516 785
Шымкент қаласы
Астана қаласы 293 791298 671292 172294 556293 155289 715287 201300 505326 939380 990
Алматы қаласы 1 118 7271 134 3781 134 2421 125 7821 114 7311 111 7461 117 7141 120 0911 128 9891 130 439
Ұлытау облысы
Өңір 200120022003200420052006200720082009*2010
Қазақстан Республикасы 14 865 61014 851 05914 866 83714 951 20015 074 76715 219 29115 396 87815 571 50615 982 35216 203 173
Абай облысы 653 716654 744
Ақмола облысы 776 377755 000748 167748 930747 185746 652748 559747 447737 582733 882
Ақтөбе облысы 670 231668 166668 378671 812678 607686 698695 454703 660756 254763 055
Алматы облысы 1 554 3201 554 5731 560 2671 571 1941 589 7511 603 7581 620 6961 643 2781 100 8311 125 110
Атырау облысы 443 630447 634451 928457 215463 466472 384480 687490 369509 156521 019
Батыс Қазақстан облысы 601 648600 330602 133603 832606 534609 291612 479615 310598 199603 708
Жамбыл облысы 981 928979 199980 072985 552992 0891 001 0941 009 2101 018 8451 019 6231 033 304
Жетісу облысы 619 675625 526
Қарағанды облысы 1 364 7811 344 2441 333 6561 330 9271 331 7021 334 4381 339 3681 342 0811 117 3441 122 900
Қостанай облысы 959 274935 717919 558913 435907 396903 178900 333894 192885 737882 786
Қызылорда облысы 599 738600 972603 804607 491612 048618 249625 070632 234677 093688 368
Маңғыстау облысы 319 191328 265338 612349 668361 754374 430390 531407 403483 204503 814
Павлодар облысы 772 453758 154748 651745 238743 826742 911744 860746 454741 988744 097
Солтүстік Қазақстан облысы 702 623691 263682 148674 497665 936663 126660 950653 921596 928592 184
Оңтүстік Қазақстан облысы 2 051 3512 079 5062 111 8932 150 2562 193 5562 233 5682 282 4742 331 5051 731 5811 764 532
Шығыс Қазақстан облысы 1 499 0971 482 5501 465 9311 455 4121 442 0971 431 1801 424 5131 417 384742 173742 355
Шымкент қаласы 728 803744 642
Астана қаласы 440 209493 062501 998510 533529 335550 438574 448602 684611 576655 476
Алматы қаласы 1 128 7591 132 4241 149 6411 175 2081 209 4851 247 8961 287 2461 324 7391 447 4861 478 220
Ұлытау облысы 223 403223 451
Өңір 2011201220132014201520162017201820192020
Қазақстан Республикасы 16 440 25416 673 64316 909 79917 160 22017 414 88717 668 72017 916 62318 155 82518 394 64218 630 920
Абай облысы 655 239654 482654 868654 626655 608656 130651 778647 985646 086642 391
Ақмола облысы 732 024730 140731 502734 329735 269743 108733 027737 600737 244735 394
Ақтөбе облысы 776 942785 824795 288808 389821 945834 181845 034857 081869 066881 096
Алматы облысы 1 152 4021 180 8141 208 9421 237 7181 261 6961 283 4441 317 0051 351 0251 372 8631 392 113
Атырау облысы 532 058542 983555 219567 844581 398594 511607 518620 695633 797645 297
Батыс Қазақстан облысы 608 177612 414617 563623 900629 862636 768641 286646 706652 145656 661
Жамбыл облысы 1 045 0691 054 6111 068 5521 083 1061 097 2041 109 4251 113 9581 115 8841 124 1561 128 844
Жетісу облысы 632 481637 388643 784650 165657 406661 279663 612663 472663 364660 938
Қарағанды облысы 1 128 0411 133 6701 138 1491 144 4331 152 3501 158 0751 156 8711 154 5971 151 1721 149 096
Қостанай облысы 881 055879 028879 499880 335880 917883 124878 415874 904872 110867 870
Қызылорда облысы 699 861712 243726 030739 054752 314764 363772 422782 412793 621802 835
Маңғыстау облысы 524 752546 354568 332587 987607 395627 321643 379660 874678 766699 343
Павлодар облысы 745 919746 851748 869752 571755 435758 209756 599754 468753 493751 819
Солтүстік Қазақстан облысы 588 814583 165579 080575 314571 189568 920562 583557 917553 853548 092
Оңтүстік Қазақстан облысы 1 802 3281 839 2901 872 2761 901 9291 927 5921 952 3241 964 0441 974 7361 981 7412 013 751
Шығыс Қазақстан облысы 741 878739 639738 268738 856738 950738 973736 809734 690731 503726 267
Шымкент қаласы 762 859779 760804 046828 698857 883886 095912 120951 9741 008 8941 037 924
Астана қаласы 703 485749 192784 470820 745859 129878 913979 0171 036 9051 084 7121 142 470
Алматы қаласы 1 503 1701 541 9801 570 9461 605 5371 646 1441 707 4391 755 9351 806 6091 859 2881 921 499
Ұлытау облысы 223 700223 815224 116224 684225 201226 118225 211225 291226 768227 220
Өңір 202120222023202420252026
Қазақстан Республикасы 18 878 96619 503 15919 766 80720 033 84220 283 39920 499 822
Абай облысы 639 532611 888610 198607 589602 832595 720
Ақмола облысы 734 265785 708788 013787 981787 263789 608
Ақтөбе облысы 893 785916 750928 159939 405949 524955 970
Алматы облысы 1 412 5271 478 4961 505 8961 531 1671 560 1241 596 532
Атырау облысы 657 123681 241693 079704 074710 781716 071
Батыс Қазақстан облысы 661 146683 327688 127693 262695 988695 649
Жамбыл облысы 1 137 9611 209 6651 218 1581 222 5931 222 3911 215 656
Жетісу облысы 662 813698 757698 726697 987694 325687 701
Қарағанды облысы 1 148 1991 134 9661 134 8551 135 3511 133 9331 131 353
Қостанай облысы 863 894835 686832 234829 984825 569821 473
Қызылорда облысы 813 899823 251833 666841 931846 104846 312
Маңғыстау облысы 720 137745 909767 106786 841805 156819 824
Павлодар облысы 750 676756 511754 944753 934751 018745 243
Солтүстік Қазақстан облысы 543 088539 111534 104530 089522 171514 132
Оңтүстік Қазақстан облысы 2 042 4452 088 5102 119 2242 142 1712 154 0412 149 205
Шығыс Қазақстан облысы 723 340732 966730 238727 053723 967718 995
Шымкент қаласы 1 074 2211 162 3081 192 1991 222 0661 256 1641 294 050
Астана қаласы 1 190 7111 295 7111 354 5591 430 1051 528 7031 639 176
Алматы қаласы 1 981 9922 101 4852 161 9012 228 6752 292 0552 348 103
Ұлытау облысы 227 212220 913221 421221 584221 290219 049

Мемлекеттік құрылымы

Табиғаты

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

Сыртқы саясат

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.

Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға ынталы екендігі оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

ҚР сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы жарияланды. Құжатта мынадай басымдықтар негізге алынған:

  • үдемелі сипатқа ие және ел дамуының жаңа кезеңінде Тұңғыш Президент – Елбасының сыртқы саяси бағытын жалғастыруға өзінің сабақтастығын сақтайтын елдің ашық, болжамды және дәйекті сыртқы саясаты;
  • адам құқықтарын қорғау, гуманитарлық дипломатияны дамыту және қоршаған ортаны қорғау;
  • халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілету, соның ішінде инвестициялар тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
  • ең алдымен, негізгі әріптестер – Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия мемлекеттері және Еуропалық Одақ елдері, ал көпжақты құрылымдар бойынша – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және басқа да ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды нығайтуды білдіретін өңірлік және көпжақты дипломатияны дамыту.[26]

Қазақстандағы саяси реформалар

2019 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның негізгі мақсаты – жұртшылық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтетін талқылаудың негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.[27]

2019 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті азаматтардың сындарлы сұрауларына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария етті.[28]

Сонымен бірге, Қазақстанда балама көзқарастар мен пікірлерді көтермелеу мақсатында басқа партиялардың өкілдеріне кейбір парламенттік комитеттерде төрағалық етуге мүмкіндік беретін заң қабылданатын болады. Саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісі 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетіледі.[29]

Қазақстанда бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылданды. Заңда пикет, демонстрация, шеру, митинг сияқты бейбіт жиналыстың негізгі тұжырымдамалары мен нысандарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін концептуалды аппаратты енгізу қарастырылған. Заң ұйымдастырушылардың, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың және журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін реттейді.

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Президент Қ.К. Тоқаев тұлғаға қарсы жасалатын қылмыс үшін қолданылатын жазаны да күшейтті.[30]

Қоғам

Қазақ техникалық мамандары Қазақ Инженерлер Бірлестігі ұйымына біріккен.

Мереке және демалыс күндер

КүнҚазақша аталуы
12 қаңтарЖаңа жыл
7 қаңтарРождество мейрамы (Рождество Христово)
8 наурызХалықаралық әйелдер күні
15 наурызҚазақстан Республикасының Конституциясы күні
2123 наурызНаурыз мейрамы
1 мамырҚазақстан халқының бірлігі күні
7 мамырОтан Қорғаушылар күні
9 мамырЖеңіс күні
6 шілдеАстана күні
Қажылықтың соңғы күніҚұрбан айт
25 қазанРеспублика күні
16-17 желтоқсанТәуелсіздік күні
2027 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндер[31]

Экономикасы

Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанға әлемнің 120-дан аса елінен 330 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды.[32]

Дүниежүзілік Банктің «2020 жылғы бизнес жүргізу» есебінде Қазақстан әлемде 25-ші орынға ие болды және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша әлемдегі ең үздік ел атанды.

Қазақстанның ЖІӨ 179,332 млрд. АҚШ долларын құрайды және жылдық өсім қарқыны 4,5%- ға тең. Қазақстанның ЖІӨ жан басына шаққанда 9 686 АҚШ долларын құрайды.[33]

Қазақстан Қытай мен Қатардан кейін ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығының ең серпінді 25 экономиканың арасында үшінші орынға ие. Қазақстанның әлемдік саудадағы рөлі мен жаңа Жібек жолындағы орталық орында орналасуы елге миллиардтаған адамға өз нарықтарын ашуға мүмкіндік берді. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 жылы мүше болды.

Қазақстан экономикасының әлемдік экономикадағы үлесін анықтаудың негізгі көрсеткіші — елдің халықаралық саудадағы үлесіне қарап анықтауға болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді: 1995 жылы $9 млрд болатын болса 2008 жылы $109 млрд болды. Негізгі өсім мұнай өндіру және металлугрия саласыныңеншісіне тиесілі. Экспорт өндірілетін өнім көлемінің өсуіне жәнебағаның қымбаттауына байланысты.

Ал импорттың өсуі тиісінше өнімді өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтарды сатып алудың нәтижесінде өсті.[34]

2009 жылы сыртқы сауда айналымы 34%-ға төмендеп кеттті, оның негізгі себепшісі мұнай мен металл бағасының төмендеуі. Дегенмен, 2010 жылдан бастап бағалардың қайта өсуіне байланысты қарқынды даму байқалды, нәтижесінде экспорттық-импорттық операциялар көлемі $137 млрд. құрады. Экспорт ($92 млрд) импорттан екі есе көп болды ($45 млрд).

Экспорттың 75% — минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% — металлдар және 3,4% — ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% — химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар — өңделмеген табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.

Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 ж. 22 маусымда мүше болды.[35]

Толық мақаласы: Қазақстан экономикасы

Қазақстанның сыртқы экономикасы

Қазақстанның сыртқы экономикасы әлем елдерімен экономикалық, сауда, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарды қамтып отыр. Бұл сала субъектілері сыртқы экономикалық қызметтерге байланысты меншік түрі бойынша тәуелсіз елімізде тіркелген Қазақстанның немесе шет мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады. Сыртқы экономика саласында басты және маңызды орында сауда саласы. Соңғы жылдарда Қазақстаннан экспортталатын тауарлардың үлесі үш есеге өсті. Оған бірнеше факторлар себепші болып отыр. Қолайлы инвестициялық жағдайлардың жасалуы тікелей шетелдік қомақты инвестициялардың тікелей ағылып келуіне себепші болды, оның негізгі бөлігі еліміздің мұнай өндіру саласына жұмсалады. Біріншіден, бұл өз кезегінде мұнай мен газ конденсатын өндіруді қарқынды дамытты. Екіншіден, дүниежүзілік тауар нарығындағы көмірсутектер шикізатын сату шартының қолайлылығы экспорт әлеуетінің өсіне жағдай жасады. Дәл осылай деп тау-кен металлургия сала-соңғы оң жыл көлемінде жалпы қазақстандық экспорт және қызмет көрсету үлесінің көбеюі, әлемдік сауданың дамуымен салыстырғандағы оның қарқынды дамуы мен көлеміне байланысты болып отыр.

Қазақстандығы тауар экспорттау динамикасының деңгейінің өсуі оның жоғары, екпінді дамуын көрсетеді. Орташа есеппен он жыл ішінде тауар экспорттау төрт есеге өссе, импорт үш жарым есеге өсті. Әлемдік деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда еліміздің макроэкономикалық көлемі жоғары емес. Осыған қарамастан Қазақстанның сыртқы экономикалық саласын болашақта дамытуына орасан зор шамасы бар. Атап айтқанда, бүгінде 500-ден астам кен орындары барланып, минералды шикізаттың 1220 түрінің барлығы анықталған. Осылардың көпшілігінен біздің еліміз дүние жүзі бойынша алдыңғы орында. Осылайша, Қазастан барланған цинк, вольфрам және барит қорларын әлем бойынша бірінші орында болса, күміс қорғасын және хромит қорынан екінші орында, мыс, марганец, флюорит бойынша үшінші, молибден қорынан төртінші, сонымен қатар алтын қоры жөнінен алдыңғы қатардағы он елдің қатарында.

Елімізде темір рудасы әлемдік қордың 8 пайызын, уранның жобамен 25 пайызын құрайды. Қазақстан мұнай қорын барлаудан әлемдегі он елдің қатарында.

Ғаламдық қаржылық — экономикалық тоқырау республикамыздың сыртқы экономикалық саласына кері әсерін тигізді.

Энергетикасы

Толық мақаласы: Қазақстан энергетикасы

Мәдениет және қоғам

Толық мақаласы: Қазақ мәдениеті
Толық мақаласы: Қазақ өнері

Білім беру жүйесі

Бұқаралық ақпарат құралдары

Әлеуметтік саласы

Толық мақаласы: Қазақстанның әлеуметі

Қарулы күштері

Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелерді қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерінен басқа Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, республикалық “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты мақсаты — елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемл. ин-ттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.

Республика Қарулы Күштеріне бейбіт кезеңде мынандай негізгі міндеттерді орындау жүктелген:
  • әскери күшті, жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етіп, басқару органдары мен әскерлерді ел ішіндегі қақтығыстарды,
  • Қазақстан Республикасының мемлекет шекарасында немесе аумағының шегінде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетуді тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
  • әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңірлерін жабу;
  • маңызды әскери нысандарды күзету;
  • елдің кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөніндегі батыл іс-қимылға әзір болу;
  • халықаралық міндеттемелерге сәйкес бітімгершілік және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл міндеттерді орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметіне құрлықта, теңізде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестікке (террорға), қару мен есірткі саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы 1579 қаулысына сәйкес елімізде Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық әскери округтері құрылған. Оңт. әскери окуругінің қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Округтің орталық штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округі қорғайтын жер аумағына: Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары кіреді. Округтің орталық штабы Семей қаласында. Батыс әскери округінің қорғайтын аумағына: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді. Округтің орталық штабы Ақтөбе қаласында орналасқан. Қазақстанның қалған облыстары Орталық әскери округіне қарайды. Орталық штаб – Қарағанды қаласында.

Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерістерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуі, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т. б.) ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери доктринасы орташа мерзімді кезеңге есептеліп жасалған (1999–2005) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешенді бағалауға, мемлекеттің экон. болмысы мен материалдық қорының мүмкіндіктеріне сүйенеді. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.

Қызықты деректер

  1. Қазақстанда 19 миллионнан астам адам, шамамен 130-дан астам этнос тұрады. Оның 48,71 % — ерлер, 51,29 % — әйелдер. Қазақстан халық саны бойынша әлемде 64-орында.
  2. Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан. Жер көлемі — 2,7 миллион шаршы шақырым. Дүниежүзінде 9-орында тұр. Қазақстанның территориясына 3 Түркия, 5 Франция немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
  3. Қазақстанда бір сағаттық белдеу бар, климаты — күрт континенталды. Ауа температурасы -45-тен +45 градусқа дейін болады.
  4. Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінен табылған. Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 20 жетекші елдің қатарына кіреді. Ал газ қоры бойынша 30-орынға, алтын қорлары бойынша әлемде 15-орынды, ураннан екінші орынға тұрақтаған.
  5. Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде төртінші орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.
  6. Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі. 1998 жылы ЮНЕСКО бас қаланы «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Ал 2012 жылы елордаға «ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қала атауы Тұңғыш Президенттің құрметіне Астана деп өзгертілді.
  7. Әлемдегі ең биiк түтiн мұржасы Қазақстанда (Екібастұз қаласында) орналасқан. Оның биiктігi — 420 метр. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метр биік.
  8. Байқоңыр – әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тұңғыш рет адамзат ғарышқа ұшқан. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда орналасқан. Көлемі 6717 шаршы шақырым.
  9. Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Мұнда 170 әлемдік рекорд орнатылған. «Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері Медеу Пұсырманұлының құрметіне берілген.
  10. Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген (2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша).[36]
  11. Орталық Азиядағы ең үлкен театр Қазақстанда орналасқан. «Астана Опера» театрын 33 елдің мамандары үш жыл салды.
  12. Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны. Ал жылқы алғаш рет (б.д.д 4 мыңыншы жылдарда) Қазақстанда қолға үйретілген.
  13. Қазақстанның төл валютасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. Алғашқы қазақстандық ақшалар Лондонда шығарылды.
  14. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға әлемнің 120-дан астам мемлекеті 370 млрд доллардан астам инвестиция құйды (2022 жылғы деректер бойынша).
  15. Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара — Қазақстан мен Ресей шекарасы (7591 шақырым).[37]
  16. Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Таңбалы петроглифтері.[38]

Қосымша ақпарат

  1. Қазақстан Конституциясы бойынша қазақ тілі — елдегі жалғыз мемлекеттік тіл және орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.[1]
  2. Дыбысы [qɑzɑqˈstɑn rʲɪsˌpublʲɪkəˈsə]

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты. Тексерілді, 12 қараша 2024.
  2. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. — Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2-бап, 1 бөлім
  3. 1 2 Қазақстан Республикасының өңірлерінің статистикасы (қаз.). stat.gov.kz. Тексерілді, 29 сәуір 2026.
  4. 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының қорытындылары. stat.gov.kz. (4 қараша 2021). Тексерілді, 7 қараша 2021.
  5. 1 2 GDP, current prices. IMF. International Monetary Fund. Тексерілді, 23 наурыз 2026.
  6. Ұлттық шоттар статистикасы. stat.gov.kz. Тексерілді, 23 наурыз 2026.
  7. Биылғы Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі белгілі болды
  8. Численность населения Казахстана по отдельным этносам на начало 2021 года (орыс.). Қазақстан Ұлттық статистика бюросы. Тексерілді, 1 мамыр 2021.
  9. The results of the national population census in 2009. Қазақстан Ұлттық статистика бюросы. (12 қараша 2010). Тексерілді, 21 қаңтар 2010.
  10. "Қазақ" сөзінің мағынасы Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2010 жылы.
  11. «ҚАЗАҚ» ДЕГЕН ЭТНОНИМНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ. ОНЫ «КАЗАК» ЭТНОНИМІНЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?
  12. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Батырғалиұлы Мағаз. Әдебиет қазақия, 1908 жыл Мұрағатталған 1 маусымның 2013 жылы.
  13. Үздіктер ішінде Қазақия жоқ Мұрағатталған 31 тамыздың 2014 жылы.
  14. "Ана тілі" газеті, ҚАЗАҚИЯ ҚАЛАЛАРЫ
  15. Moshiri Leila English-Persian Glossary // Colloquial Persian  Routledge, 1988. — P. 150. — ISBN 0-415-00886-7.
  16. Ikawa-Smith Fumiko Early Paleolithic in South and East Asia  Walter de Gruyter. — P. 91. — ISBN 978-3-11-081003-5. Мұрағат көшірмесі 17 сәуірдің 2021 Wayback Machine мұрағатында
  17. Jeong, Choongwon; Balanovsky, Oleg; Lukianova, Elena; Kahbatkyzy, Nurzhibek; Flegontov, Pavel; Zaporozhchenko, Valery; Immel, Alexander; Wang, Chuan-Chao et al. (June 2019). "The genetic history of admixture across inner Eurasia". Nature Ecology & Evolution 3 (6): 966–976. Bibcode 2019NatEE...3..966J. doi:10.1038/s41559-019-0878-2. ISSN 2397-334X. PMC 6542712. PMID 31036896.
  18. Ismagulov, O (2010). "Physical Anthropology of Kazakh People and their Genesis". Science of Central Asia. http://www.scientificfund.kz/index.php?option=com_content&view=category&id=4&Itemid=28. Retrieved 2022-11-05. Мұрағат көшірмесі 10 ақпанның 2017 Wayback Machine мұрағатында
  19. Gibbons, Ann (2015-06-10). "Nomadic herders left a strong genetic mark on Europeans and Asians". Science (AAAS). https://www.science.org/content/article/nomadic-herders-left-strong-genetic-mark-europeans-and-asians. Retrieved 2022-11-05. Мұрағат көшірмесі 2 қыркүйектің 2022 Wayback Machine мұрағатында
  20. Allentoft et al. (2015); Haak et al. (2015),
  21. Beckwith Christopher I. Empires of the Silk Road: A History of Central Eurasia from the Bronze Age to the Present  Princeton University Press. — P. 49. — ISBN 978-1-4008-2994-1. "Archaeologists are now generally agreed that the Andronovo culture of the Central Steppe region in the second millennium BC is to be equated with the Indo-Iranians."
  22. Сақтар туралы деректер (қаз.). stan.kz. (5 желтоқсан 2018). Тексерілді, 31 шілде 2025.
  23. 2011 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны Мұрағатталған 5 сәуірдің 2013 жылы.
  24. https://stat.gov.kz/
  25. Байқоңыр қаласын қоспағандағы саны
  26. https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-kr-syrtky-sayasatynyn-2020-2030-zhyldarga-arnalgan-tuzhyrymdamasyn-bekitti_a3622803 Мұрағатталған 24 қарашаның 2020 жылы.
  27. https://egemen.kz/article/202452-ulttyq-qoghamdyq-senim-kenhesininh-dgugi-salmaqty
  28. https://egemen.kz/article/211354-khalyq-unine-qulaq-asatyn-memleket
  29. https://abai.kz/post/103296
  30. https://informburo.kz/kaz/seksualdy-sipattay-ylmystara-zhaa-bap-engzlu-mmkn-za-zhobasyn-taldaymyz-.html
  31. 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндер. egov.kz. Тексерілді, 8 қыркүйек 2022.
  32. https://www.inform.kz/kz/28-zhylda-kazakstanga-kansha-investiciya-tartyldy_a3595458
  33. https://stat.gov.kz/official/dynamic Мұрағатталған 17 қазанның 2019 жылы.
  34. В мировой экономике Казахстан - внизу пищевой цепочки 2013 жылдың 27 ақпан күні қаралды.
  35. Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын жария етті
  36. https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-3-8-mln-zhenil-kolik-tirkelgen_a3862967
  37. Қазақстан туралы қызықты деректер
  38. Қазақстан туралы 25 қызықты дерек

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Қазақстан