Мазмұнға өту

Wayback Machine

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Wayback Machine
Мұрағаттау қызметі
URL

web.archive.org

Коммерциялық

Жоқ

Сайттың түрі

Веб-мұрағат қызметі

Тіркелу

Міндетті емес

Тіл(дер)і

Көптілді

Сервердің орналасқан жері

 АҚШ

Иесі

Internet Archive

Авторы

Internet Archive

Ашылған уақыты

2001 жылғы 25 қазан

Қазіргі статусы

Белсенді

Wayback Machine — Калифорнияның Сан-Франциско қаласындағы Internet Archive бейкоммерциялық ұйымы жасақтаған Бүкіләлемдік тордың цифрлық мұрағаты.

2001 жылдың 25 қазанында көпшілік пайдалануға берілген бұл қызмет пайдаланушыларға веб-сайттардың бұрын қалай көркемделгенін көру үшін «уақыт бойынша кері сапар жасауға» мүмкіндік береді. Оның негізін қалаушылар Брюстер Кейл мен Брюс Гиллиат жұмысын тоқтатқан веб-парақтардың мұрағаттық көшірмелерін сақтау арқылы «барлық білімге әмбебап қолжетімділікті» қамтамасыз ету мақсатында Wayback Machine-ді әзірлеген.[1]

Қызметтің атауы 1959–1964 жылдары көрсетілген «Рокки мен Буллвинкльдің және олардың достарының бастарынан өткен оқиғалар» атты анимациялық мультфильмдегі осы аттас ойдан шығарылған уақыт машинасын меңзейді.[2][3]

Wayback Machine-нің ең ерте мұрағаттары кем дегенде 1995 жылдан бастау алады; 2009 жылдың соңына қарай 38,2 миллиардтан астам веб-парақ сақталған болатын. 2025 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша, Wayback Machine 1 триллионнан астам веб-парақты және 99 петабайттан астам деректі мұрағаттады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. ↑ Kahle, Brewster Universal Access to all Knowledge. Internet Archive. (November 2000). Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 тамыз 2022. Тексерілді, 5 маусым 2022.
  2. ↑ Green, Heather (February 28, 2002). "A Library as Big as the World". BusinessWeek. http://www.businessweek.com/technology/content/feb2002/tc20020228_1080.htm.
  3. ↑ Tong, Judy. Responsible Party – Brewster Kahle; A Library Of the Web, On the Web, The New York Times (September 8, 2002). Мұрағатталған 20 ақпанның 2011 жылы. Тексерілді 15 тамыздың 2011. <ref> Мультфильмнің «Пибодидің ықтимал тарихы» атты бөлімінде Мистер Пибоди мен Шерман атақты тарихи оқиғаларға куә болу және оған қатысу үшін «Wayback Machine» құрылғысын пайдаланады.<ref>Markstein, Don Toonopedia: Peabody's Improbable History. Toonpedia.com. Тексерілді, 7 қараша 2024.
  4. ↑ A Message from Internet Archive Founder, Brewster Kahle. Internet Archive. Тексерілді, 10 қаңтар 2024.