Мазмұнға өту

Кир Стармер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кир Стармер
ағылш. Keir Starmer
Кир Стармер
Ресми портреті, 2024
Лауазымы
Ту
Ту
Ұлыбританияның премьер-министрі
Ту
Ту
5 шілде 2024 жылдан бастап
Монарх III Чарльз
Ізашары Риши Сунак
Ту
Ту
Ұлы мәртебеліге адал оппозицияның басшысы
Ту
Ту
4 сәуір 2020  5 шілде 2024
Премьер-Министр Борис Джонсон
Лиз Трасс
Риши Сунак
Монарх II Елизабет
III Чарльз
Ізашары Джереми Корбин
Ізбасары Риши Сунак
Ту
Ту
Лейбористік партияның көшбасшысы
Ту
Ту
4 сәуір 2020 жылдан бастап
Ізашары Джереми Корбин
Ту
Ту
Холборн және Сент-Панкрас округінен Қауымдар палатасының депутаты
Ту
Ту
7 мамыр 2015 жылдан бастап
Өмірбаяны
Партиясы Лейборист
Білімі Лидс университеті
Әулие Эдмунд холлы (Оксфорд университеті)
Мамандығы
  • Заңгер
  • саясаткер
Діні атеизм
Дүниеге келуі 2 қыркүйек 1962 (1962-09-02) (63 жас)
Лондон, Ұлыбритания
Туған кездегі есімі Кир Родни Стармер
Жұбайы
Виктория Александр
(үйл. 2007)
Балалары 2
Сайты keirstarmer.com
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Марапаттары
Монша ордені
Монша ордені
Кир Стармер Ортаққорда

Сэр Кир Родни Стармер (ағылш. Sir Keir Rodney Starmer; 2 қыркүйек 1962 жыл, Лондон) — британдық саясаткер, барристер мен заңгер,[1] 2024 жылғы шілдеден бергі Ұлыбритания Премьер-министрі,[2] 2020 жылғы сәуірден бергі Лейбористік партияның көшбасшысы.

Оған қоса, Кир Стармер — 2015 жылғы мамырдан қызметтегі Қауымдар палатасының Холборн және Сент-Панкрас (ағыл.) округінен сайланған депутаты. Бұрын Стармер Парламенттік оппозицияның басшысы (2020–2024) қызметінде болған.

Идеологиялық тұрғыдан өзін прогрессивтік социалист дейтін Стармер — Лондон тумасы. Суррейде өскен ол 16 жасында Лейбористік партияның жастар бөлігіне мүше болды. Ол Лидс университетінде заң мен Оксфорд университетінің Әулие Эдмунд холлында азаматтық заң бакалавриаттарына ие болды да, заңи мансабында негізінен адам құқықтарына маманданған қылмыстық қорғау жұмыстарымен айналысты. Ол Солтүстік Ирландияның полиция кеңесінде адам құқықтары жөніндегі кеңесші қызметін атқарды және 2002 жылы II Елизабеттің кеңесшісі болып тағайындалды; Солтүстік Ирландия полиция қызметіндегі бастан кешіргені оның саясатпен айналысу шешіміне әсер етті.

Стармер 2015 жылғы жалпы сайлауда Қауымдар палатасына сайланды. Ол 2016 жылғы Еуропалық Одаққа мүшелік референдумында Брэкситке қарсы сәтсіз науқанын қолдады. Ол Джереми Корбиннің көлеңкелі кабинетіне тағайындалды және Брэксит бойынша ұсынылған екінші референдумның өткізілуін жақтады. Корбин 2019 жылғы жалпы сайлауда лейборист жеңілгеннен кейін отставкасын жариялады да, Стармер солшыл платформада 2020 жылғы сайлауда жеңіп, партияның жаңа көшбасшысы болды. Оппозиция жетекшісі ретінде Стармер партияны саяси орталыққа қарай жылжытып, партиядағы антисемитизмді жоюға үлес қосты. Ол лейбористерді 2023 және 2024 жылдардағы жергілікті сайлауларда жеңіске жеткізді.

2024 жылғы шілдеде Стармер Лейбористік партияны 2024 жылғы жалпы сайлауда жеңіске жеткізіп, он төрт жылдық консервативті үкіметтің соңына әкелді де, лейбористер Қауымдар палатасындағы мандаты ең көп партия болды. Ол 5 шілдеде Риши Сунактың орнына премьер-министр болып, Ұлыбританияның Гордон Брауннан бергі алғашқы лейборист үкімет басшысы болды. Сыртқы саясатқа келгенде, Стармер ХАМАС-қа қарсы соғыста Израильді және Ресеймен соғыстағы Украинаны қолдады, сонымен бірге Газа секторындағы атыстың тез арада тоқтауын талап етті. Уақыт өте келе Стармердің Израильмен қарым-қатынасы күрделене берді, мысалы израильшіл донорлардан қаражат алған Стармер үкіметі тұсындағы Ұлыбритания 2025 жылғы қыркүйекте Палестина мемлекетін мойындады.[3]

2026 жылғы 22 маусымда Стармер Ұлыбритания премьерлігі мен лейбористер партиясының төрағалығынан кететінін жария етті. Бұл шешім басқа лейборшыл депутаттардан келген қысымнан кейін жасалды. Деректің көпшілігі Стармердің орнына Эндрю Бернем келеді дегенді ең ықтимал көреді.[4]

Жастық шағы және білімі

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Кир Стармер бітірген Рейгейт грамматика мектебі (ағыл.)

Кир Родни Стармер[5] 1962 жылғы 2 қыркүйекте, Лондонда дүниеге келген.[6] Төрт баланың екіншісі туған ол Суррейде тәрбиеленді. Ата-аналары — медбике болған Джозефин мен сайманшы болған Родни Стармерлер. Джозефин Стармер Стилл синдромымен ауыратын.[7] Кир Стармердің әке-шешесі Лейбористік партияның қолдаушылары еді, кейбір дерек бойынша, олар Кир Стармердің атын партияның бірінші парламенттік көшбасшысы Кир Харди құрметіне қойған,[8][9] алайда 2015 жылы Кир Стармер бұл ақпараттың рас екеніне сенімді емес екендігін айтып кеткен.[10]

Стармер басты емтиханды тапсырып, ол кезде ерікті таңдаулы гимназия болған Рейгейт грамматика мектебіне (ағыл.) түсті.[9] Мектеп 1976 жылы (ол кезде Стармер оның оқушысы еді) дербес ақылы мектепке айналдырылды. Ауысудың шарттары бойынша ол өз оқуын еш өзге қаржыландырусыз аяқтай алады; мектеп Стармерге жеке стипендия ұсынды.[11][12] Мектептегі соңғы екі жылында ол таңдаған пәндері математика, музыка және физика болды, ол сол пәндерден сәйкесінше A-бағалас бағалар арасындағы В, В және С бағаларын алды.[13]

Жасөспірім кезінде Стармер лейбористік саясатта белсенді болды; ол 16 жасында жұмысшы партиясының жас социалистер (партияның жастар ұйымы) мүшесі болды.[14][7] Ол 18 жасына дейін Гилдхолл музыка және драма мектебінде (ағыл.) кіші көрмеші болды және флейтада, фортепианода, блокфлейтада және скрипкада ойнады.[15] 1980 жылдардың басында полиция Стармерді Зеңгір Жағалаудағы демалысындағы ақша жинамақ болған кезінде балмұздақты заңсыз сатқан кезінде ұсталды. Ақырында Стармер жазаланбай кетті, оның тек балмұздақтары тәркіленді.[16][17] Стармер Лидс университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алып, университеттің Лейбористік клубының мүшесі болды және 1985 жылы бірінші дәрежелі үздік дипломмен және заң бакалавры дәрежесімен бітіріп, отбасындағы оқуын бітірген бірінші адам болды.[8][18] Стармер кейін жоғары оқу орнынан кейінгі білім де алды; 1986 жылы ол Оксфорд университетінің Әулие Эдмунд холлында азаматтық заң оқуын бітірді.[8] 1986 жылдан 1987 жылға дейін Стармер Социалистік баламалар (ағылш. Socialist Alternatives) троцкистік радикалды газетінің редакторы болды.[19][20]

Заңгер ретінде мансабы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Заңгер болған Стармер, шамамен 2012 жыл

Стармер Сот инндерінде 1987 жылы барристер болды да, сол жерде 2008 жылы бенчер (ағылш. bencher) атағына ие болды.[6] Ол 1990 жылға дейін «Азаттық» (ағылш. Liberty) науқан тобының заң қызметкері болып қызмет етті.[8] Стармер 1990 жылдан бастап Доти көшесі кеңселерінің (Doughty Street Chambers) мүшесі болды, ол негізінен адам құқықтары мәселелерімен айналысқан.[8] Осы жердегі қызметі кезінде Стармер, оған қоса, болашақ әйелі Виктория Александрмен танысты.[21]

Стармер Антиль аралдары мемлекеттеріндегі қорғаушылар алқасына бірнеше рет шақырылған еді;[22] ол жерде ол өлім жазасына кесілген қылмыскерлердің қорғаушысы ретінде жұмыс істейтін.[7] 2002 жылғы 9 сәуірде 39 жаста болған Стармер корольдік адвокат болды.[23] Сол жылы ол Доти көшесі кеңселерінің басшысы болып та тағайындалды. 2005 жылы ол өзінің корольдік адвокат ретінде тағайындалуы жайлы сөйлегенде өзінің монархияны жоқ қылуға бірнеше рет шақырғандығынан сол шешімнің «біртүрлі» болғанын айтты.[24]

Стармер Солтүстік Ирландияның Полиция кеңесі мен Бас полиция қызметкерлері қауымдастығының адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды, сонымен қатар 2002 жылдан 2008 жылға дейін Сыртқы істер, Достастық және Даму офисінің өлім жазасы бойынша кеңес беру тобының мүшесі болды.[6][8] Солтүстік Ирландия кеңесі Белфаст келісімінен кейін қауымдастықтарды біріктірудің маңызды бөлігі болды және Стармер кейінірек Солтүстік Ирландиядағы полиция қызметі бойынша оның саяси мансаппен айналысу туралы шешіміне негізгі әсер еткенін атап өтті.[25]

2008 жылдан бастап 2013 жылға дейін Корольдік прокурор қызметінің бас прокуроры болды.

Ерте саяси мансабы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Кир Стармердің ресми депутаттық портреті, 2017

Парламент депутаты

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

2014 жылғы желтоқсанда Холборн және Сент-Панкрас (ағыл.) округінен сайланған депутат Фрэнк Добсон зейнеткерлікке шықты да,[26] 2015 жылғы жалпы сайлауда Кир Стармер 17,048 көпшілік дауыспен осы округтің өкілі болып сайланды.[27] Ол кейін 30,509 дауыс жинаған 2017 жылы, 27,763 дауыс жинаған 2019 жылы және 2024 жылы қайта сайланды.

Бэкбенчер ретінде Стармер 2016 жылғы Ұлыбританияның Еуропа Одағына мүшелігі туралы референдумда елдің Еуропа Одағындағы мүшелігінің жалғасуын қолдаған.[28]

Көлеңкелі кабинеттегі қызметі

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Стармер лейбористер көшбасшысы Джереми Корбиннің көлеңкелі кабинетіне Иммиграция көлеңкелі министрі ретінде тағайындалған еді. 2016 жылғы маусымда Стармер Корбиннің басшылығына қарсы жаппай наразылық кезінде сол лауазымнан кеткен.[29] Корбиннің 2016 жылы партия көшбасшысы ретінде сайлануынан кейін Стармер соның көлеңкелі кабинетіндегі Еуропа Одағынан шығу көлеңкелі министрі ретінде тағайындалуына келісім берді.[30]

Көлеңкелі брэксит министрі ретінде Стармер Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шыққанынан кейін жасалатын жоспарының бар болғанына күмән келтірді, ресми жоспардың жария етілуін талап етті. 2016 жылғы 6 желтоқсанда сол кезде премьер болған Тереза Мэй Брэксит жоспарының жариялатынын айтты да, бақылаушылар бұл жаңалықты Стармердің жеңісі ретінде көрді.[31] Кейін Стармер Еуропа Одағынан шығу туралы референдумның қайта өткізілу ұсынысын да қолдаған.[32]

2019 жылғы жалпы сайлау кезіндегі лейбористердің жеңілісінен кейін Корбин келесі сайлау барсаңында партияны басқармайтынын айтты.[33] Стармер Корбиннің басшылығынан және сайлауда ұсынған көптеген заң жобаларынан алшақтай бастады, 2024 жылы ол «2019 жылғы сайлауда жеңілетінімізге сенімді» болғанын да айтып кетті.[34] 2020 жылғы 4 қаңтарда Стармер келесі көшбасшы сайлауында өз үміткерлігін ұсынатынын жариялаған.[35] Оның үміткерлігін бұрынғы премьер Гордон Браун мен Лондон мэрі Садық Хан қолдады.[18] Стармер 2020 жылғы 4 сәуірде көшбасшылар сайлауының жеңімпазы болып жарияланды, ол жалпы сайлаудың 56.2% жинаған еді.[36]

Оппозиция басшысы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Премьер-министрге сұрақ қою кезіндегі Стармер, 7 ақпан 2024

COVID-19 пандемиясы кезінде оппозицияның көшбасшысы болған Стармер өзінің партия басшысы ретінде тұңғыш сөзінде «партия пайдасы үшін жұмыс істеуден» аулақ болатынын және үкіметпен «ұлттық мүдде үшін» жұмыс істейтінін айтты.[37] Ол кейінірек Борис Джонсонның пандемия шектеулері кезінде сауық кеш ұйымдастырғанынан шыққан Партигейт (ағыл.) жанжалынан кейін үкіметтің пандемияға қарсы әрекетін сынай бастады.[38] 2022 жылғы мамырда Стармер өткен жылғы Хартлпулдағы қосымша және жергілікті сайлаулар қарсаңында үгіт-насихат жүргізу кезінде COVID-19 ережелерін бұзғаны үшін белгіленген айыппұл туралы хабарлама алса, отставка жариялайтынын айтты.[39] 2021 жылғы 30 сәуірде Стармер мен орынбасары Анджела Рэйнер қатысқан іс-шараның COVID-19 ережелеріне бағынбады деген айып тағылды. Бұл жанжал Сырагейт (ағыл.) (Beergate) деп аталып кетті,[40] алайда жергілікті полиция айыптың жалған екенін баяндады.[41]

Премьерлігі (2024–2026)

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Найджел Фараждың Реформа партиясы арқылы билікке келгенін бергісі келмеген лейбористер, соның ішінде Стармердің министрлері, Стармердің отставкасын жария түрде де, жабық түрде де қалады.[4]

Таяу Шығыстағы соғыстар, Интернетке қатысы бар даулар мен басқа да себептерден қоғам сауалнамасында өте төмен баға алған Стармердің ең үлкен дауы — Джеффри Эпштейнге жақын болған Питер Мандельсонды АҚШ-қа елші болып тағайындағаны еді.[4] Осы және басқа себептерден Стармердің министрлері өкілеттіктерін өз еркімен аяқтап кетті.[42]

Біразға созылған қысымға шыдай алмаған Стармер ақыры 2026 жылғы 22 маусымда отставкасын жариялады.[42] Жаңадан Парламентке сайланған Үлкен Манчестердің мэрі Эндрю Бернемдің оның ізбасары болатыны ең ықтимал делінеді. Ұлыбританияның осылайша 10 жыл мерзімде ғана 7 түрлі премьер-министрі болмақ.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. Keir Starmer | Biography, Parents, Legal Career, & Wife | Britannica (ағыл.). Britannica. Тексерілді, 5 шілде 2024.
  2. Ұлыбританияда Лейбористер жеңіске жетті (қаз.). kaz.inform.kz. (5 шілде 2024). Тексерілді, 5 шілде 2024.
  3. Shankar, Priyanka British parliament to debate Israeli influence on UK politics: What we know (ағыл.). Әл-Жазира телеарнасы. (22 маусым 2026). Тексерілді, 24 маусым 2026.
  4. 1 2 3 4 Crerar, Pippa Keir Starmer to step down as prime minister two years after historic election victory (ағыл.). The Guardian. (22 маусым 2026). Тексерілді, 24 маусым 2026.
  5. Белиз үкіметтік газеті = Belize government gazette  1997.
  6. 1 2 3 Who is Keir Starmer? The grammar school ‘superboy’ who became Labour’s next PM, The Daily Telegraph. Мұрағат көшірмесі 6 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  7. 1 2 3 Maguire, Patrick Keir Starmer: The sensible radical (ағыл.). The New Statesman. (13 наурыз 2020). Тексерілді, 8 шілде 2024.
  8. 1 2 3 4 5 6 'He has an ability to motivate and is not easily cowed. If there is a row with the government he will fight his corner' (ағыл.). The Guardian. (1 тамыз 2008). Тексерілді, 8 шілде 2024.
  9. 1 2 Moss, Stephen Keir Starmer: 'I wouldn't characterise myself as a bleeding heart liberal . . .' (ағыл.). The Guardian. (21 қыркүйек 2009). Тексерілді, 8 шілде 2024.
  10. Sir Keir Starmer: 'My mum's health battles have inspired me' (ағыл.). Ham & High. (27 наурыз 2015). Мұрағат көшірмесі 5 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  11. Schools (status) 1980 (ағыл.). Hansard. (5 қараша 1980). Мұрағат көшірмесі 15 желтоқсанның 2018 Wayback Machine мұрағатында
  12. Harris, Tom Lord Ashcroft's unauthorised biography of Keir Starmer is as dry as the Labour leader (ағыл.). The Telegraph. (12 тамыз 2021). Тексерілді, 8 шілде 2024.
  13. Glancy, Josh Keir Starmer up close: my three months with the 'normal bloke' who would be PM (ағыл.). The Sunday Times. (23 маусым 2024). Мұрағат көшірмесі 1 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  14. Ashton, Emily Who is Keir Starmer? (ағыл.). Buzzfeed. (12 ақпан 2020). Тексерілді, 8 шілде 2024.
  15. Hello: MP Keir Starmer – On The Hill (ағыл.). onthehill.info. (22 қараша 2015). Тексерілді, 8 шілде 2024.
  16. Stacey, Kiran Keir Starmer was caught as a student illegally selling ice-creams on French Riviera (ағыл.). The Guardian. (23 маусым 2023). Тексерілді, 8 шілде 2024.
  17. Morton, Becky & Wheeler, Brian Keir Starmer: Labour leader hoping for keys to Downing Street (ағыл.). BBC News. (6 қыркүйек 2023). Тексерілді, 8 шілде 2024.
  18. 1 2 Labour leadership winner: Sir Keir Starmer (ағыл.). BBC News. (4 сәуір 2020). Тексерілді, 8 шілде 2024.
  19. Kenber, Billy Keir Starmer: Radical who attacked Kinnock in Marxist journal (ағыл.). The Times. (18 қаңтар 2020). Мұрағат көшірмесі 2 шілденің 2020 Wayback Machine мұрағатында
  20. British Pabloism (ағыл.). Socialist Alternatives. Мұрағат көшірмесі 2 шілденің 2020 Wayback Machine мұрағатында
  21. Victoria Starmer: the no-nonsense solicitor set to become Britain's next first lady  (ағыл.), The Standard (2 July 2024). Тексерілді 2 шілденің 2024. Мұрағат көшірмесі 2 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  22. Middle Temple (ағыл.). middletemple.org.uk. Тексерілді, 9 шілде 2024. Мұрағат көшірмесі 26 қыркүйектің 2020 Wayback Machine мұрағатында
  23. No. 56538, The London Gazette (16 сәуір 2002), бет 4622.
  24. Starmer embraces the Monarchy (ағыл.). Camden New Journal. (6 қазан 2022). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  25. Starmer, Keir About Keir Starmer – MP for Holborn and St Pancras and Labour Leader (ағыл.). Кир Стармердің ресми сайты. (6 қазан 2022). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  26. Keir Starmer to stand for Labour in Holborn and St Pancras (ағыл.). The Guardian. (13 желтоқсан 2014). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  27. Holborn & St. Pancras Parliamentary Constituency (ағыл.). BBC News. (8 мамыр 2015). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  28. How did Keir Starmer vote on Brexit? – Birmingham Live (ағыл.). birminghammail.co.uk. (29 қыркүйек 2021). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  29. Keir Starmer resigns as shadow home office minister (ағыл.). ITV News. (27 маусым 2016). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  30. Jeremy Corbyn has appointed Sir Keir Starmer as Shadow Brexit Secretary and the Tories should be worried (ағыл.). politicalbetting.com. (6 қазан 2016). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  31. Labour says MPs are entitled to Brexit plan details (ағыл.). BBC News. (7 желтоқсан 2016). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  32. Keir Starmer battles to keep Labour support for people's vote alive (ағыл.). The Guardian. (7 ақпан 2019). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  33. Jeremy Corbyn: 'I will not lead Labour at next election' (ағыл.). BBC News. (13 желтоқсан 2019). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  34. Starmer: 'I knew we'd lose 2019 election with Corbyn' (ағыл.). BBC News. (12 маусым 2024). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  35. Keir Starmer to launch Labour leadership bid in Stevenage (ағыл.). The Guardian. (4 қаңтар 2020). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  36. Leadership Elections 2020 Results (ағыл.). [[Лейбористік партия (Ұлыбритания)|]]ның ресми сайты. (12 маусым 2024).
  37. READ IN FULL: Sir Keir Starmer's victory speech after being named new Labour leader (ағыл.). Politics Home. (4 сәуір 2020). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  38. Brown, Faye Keir Starmer reveals how he 'set trap' for Boris Johnson over partygate scandal (ағыл.). Sky News. (22 маусым 2024). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  39. Sparrow, Andrew Keir Starmer and Angela Rayner to resign if fined over Beergate claims (ағыл.). The Guardian. (9 мамыр 2022). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  40. Culbertson, Alix Beergate: Sir Keir Starmer insists there was 'no party' after Durham Police say they will investigate claims he broke lockdown rules (ағыл.). Sky News. (6 мамыр 2020). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  41. Whannel, Kate Sir Keir Starmer cleared by police over Durham lockdown beers (ағыл.). BBC News. (8 шілде 2022). Тексерілді, 9 шілде 2024.
  42. 1 2 Seddon, Paul Why did Keir Starmer resign and what could happen next? (ағыл.). BBC News. (22 маусым 2026). Тексерілді, 24 маусым 2026.