Оливер Три
| Oliver Tree | |
| Три, 2022 жыл | |
| Негізгі ақпарат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі |
Oliver Tree Nickell |
| Туған күні | |
| Туған жері |
Санта-Круз, Калифорния, АҚШ |
| Қайтыс болған күні | |
| Қайтыс болған жері |
Рио-де-Жанейро, Бразилия |
| Белсенділік жылдары |
2010–2026 |
| Мемлекет | |
| Мамандықтары |
әнші-ән жазушы, рэпер, продюсер, кинорежиссер, комик, интернет тұлға |
| Аспаптары |
вокал, гитара, клавишті аспаптар, бас-гитара |
| Жанрлары |
альтернативті рок, инди-поп, хип-хоп, альтернативті поп, би музыкасы |
| Лейблдері | |
| olivertreemusic.com | |
Оливер Три Никелл (29 маусым 1993 – 14 маусым 2026) — америкалық әнші-композитор, рэпер, музыкалық продюсер, комик және кинорежиссер. Калифорния штатындағы Санта-Круз қаласында туған Три 2017 жылы «When I'm Down» әні кеңінен танылғаннан кейін Atlantic Records компаниясымен келісімшартқа отырды[1] және 2020 жылғы 17 шілдеде өзінің алғашқы студиялық альбомы Ugly Is Beautiful-ды шығарды. Ол 2021 жылы шыққан «Life Goes On», 2022 жылы шыққан «Miss You» және одан ертерек, 2018 жылы жарық көрген «Alien Boy» әндерінің арқасында халықаралық деңгейде танымал болды.
Три өзінің екінші студиялық альбомы Cowboy Tears-ді 2022 жылғы 18 ақпанда, үшінші студиялық альбомы Alone in a Crowd-ты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және төртінші студиялық альбомы Love You Madly Hate You Badly-ді 2026 жылғы 24 сәуірде шығарды.[2][3] Оливер Три 2026 жылғы 14 маусымда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында тікұшақ апатынан қаза тапты.[4][5]
Ерте өмірі
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Оливер Три Никелл 1993 жылғы 29 маусымда[6] Калифорния штатындағы Санта-Круз қаласында III Джесси Луис Никелл мен Кристин Мари Бегиннің отбасында дүниеге келді.[7][8][9] Три екі жыл бойы Сан-Франциско мемлекеттік университетінде бизнес мамандығы бойынша білім алды.[10] Три 13 жасында немере ағасы жұлын менингитінен қайтыс болды. Осы оқиғадан кейін ол есірткіге тәуелді болып, есірткі саудасымен де айналысқан, соның салдарынан үйінен қуылды. Кейін ол музыканың өзін тәуелділіктен құтқарып қалғанын бірнеше рет айтқан.[11]
Мансабы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]2010–2016: Ерте мансабы және үзілісі
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Три жеке музыкалық мансабын 2010 жылы «Tree» лақап атымен бастады. Осы уақытқа қарай ол Skrillex және Zeds Dead сияқты орындаушылардың концерттерінде өнер көрсеткен болатын. Алғашында ол өз музыкасын тәуелсіз түрде шығарып, 2013 жылдың басында Splitting Branches атты альбомын жариялады. Сондай-ақ ол алғашқы сахналық тәжірибесін алған Irony атты ска-топта ән айтып, гитарада ойнады.[12] Бір кезеңде Три қысқа уақыт дубстеп музыкасын шығарып, Сан-Францискода өткен Wobbleland 2011 сияқты музыкалық фестивальдерде өнер көрсетті. Сол уақытта ол музыкалық туындыларының басым бөлігін «Tree» бүркеншік атымен жариялап отырды.[8]
20 жасында Три Лондонда орналасқан R&S Records компаниясымен келісімшартқа қол қойып, 2013 жылғы тамызда өзінің алғашқы мини-альбомы — Demons-ты шығарды. Бұл мини-альбом Radiohead тобының әншісі Том Йорк оның «Karma Police» әніне жасаған кавер-нұсқасын жоғары бағалағаннан кейін белгілі бір дәрежеде танымалдыққа ие болды.[13] Кейін Три оқуын жалғастыру үшін шығармашылық қызметіне уақытша үзіліс жасап, Калифорния өнер институтында музыкалық технологиялар мамандығы бойынша білім алды.[10][14]
2016–2018: Музыкаға оралуы және Alien Boy
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]2016 жылғы наурызда Три музыкаға қайта оралып, Getter-дің Radical Dude! мини-альбомына енген «Forget It» әніне қатысып, вокал орындады.[15] Сол жылғы қарашада ол теледидардағы алғашқы өнер көрсетуін жасап, Last Call with Carson Daly бағдарламасында ән орындады.[16]
2016 жылғы қазанда Whethan мен Тридің бірлескен «When I'm Down» әні жарық көргеннен кейін көп ұзамай Три Atlantic Records компаниясымен келісімшартқа отырды.[17] Сол жылы ол Калифорния өнер институтын бейнелеу өнері бакалавры дәрежесімен тәмамдады.[18] 2017 жылғы 26 мамырда Три Оливер Три лақап атымен шыққан алғашқы синглі — «Welcome to LA» әнін жариялады.[17] 2018 жылғы ақпанда ол ірі дыбыс жазу компаниясы арқылы шыққан алғашқы мини-альбомы Alien Boy-ды, сондай-ақ «All That x Alien Boy» әндеріне арналған қос музыкалық бейнебаянды шығарды. Три аталған бейнебаянның сценарийін жазып, режиссерлік етті. Оны дайындауға тоғыз айдан астам уақыт жұмсалды.[19][20] Ол Perris Auto Speedway автодромында бес ай бойы фристайл-монстр-трак секірулеріне жаттығып, бейнебаяндағы барлық трюктерді өзі орындады.[21]
Три Lollapalooza және Outside Lands Music and Arts Festival сияқты ірі музыкалық фестивальдерде өнер көрсетті. Сондай-ақ ол Coachella Valley Music and Arts Festival фестивалінде арнайы қонақ ретінде қатысып, кейін 2017 жылы LA Weekly басылымының «Коачелладағы ең үздік (және ең ерекше) сән үлгілері» тізіміне енді.[19][22]
Три 2017 жылы Louis the Child тобының Last to Leave Tour турының, ал 2018 жылы Skizzy Mars-тың Are You OK? Tour турының ашылу орындаушысы болды.[23][24] Сондай-ақ ол 2018 жылғы күзде Lil Dicky мен DJ Mustard ұйымдастырған Life Lessons Tour турына қатысуы тиіс еді, алайда тур кейіннен тоқтатылды.[19] 2018 жылы Три Hobo Johnson-мен бірге Солтүстік Америка мен Еуропа бойынша гастрольдік тур өткізді. Три комедиялық бейнероликтерге арналған скетчтердің сценарийлерін жиі жазып, өзі ойнап және режиссерлік етті. Сонымен қатар Jerry Media сияқты компаниялармен жұмыс істеді.[25]
2018–2020: Ugly Is Beautiful және синглдері
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
2018 және 2019 жылдары Три өзінің алғашқы студиялық альбомы Ugly Is Beautiful құрамына енген бірнеше сингл шығарды. 2018 жылғы 7 желтоқсанда ол альбомдағы синглдердің бірі — «Hurt» әніне арналған екінші музыкалық бейнебаянын жариялады. Бейнебаянды түсіру үшін Три Украинаға барып, оның сценарийін жазды және режиссер Брендан Вонмен бірге бірлесіп түсірді.[26] Одан кейін ол Ugly Is Beautiful Tour гастрольдік турын бастап, кейін альбомға енген «Joke's On You!» және «Waste My Time» сияқты әндерді орындады. 2019 жылғы 11 сәуірде Три жеке сингл ретінде «Fuck» әнін шығарды. Сол күні әннің музыкалық бейнебаяны да жарық көрді.[27]
2019 жылғы 7 маусымда Тридің төртінші музыкалық бейнебаяны әрі синглі — «Miracle Man» жарық көрді. Бейнебаян жарияланған алғашқы күні-ақ 1,3 миллион қаралым жинады. Сондай-ақ Три сол кезде 2019 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін өткен Goodbye Farewell Tour атты қоштасу гастрольдік турын жариялады.[28] 2019 жылғы 2 тамызда ол өзінің екінші мини-альбомы — Do You Feel Me?-ді шығарды. Альбом құрамына «Introspective» әні енді. Мини-альбом музыка сыншыларынан негізінен оң пікірлер алды.[29]
2019 жылғы 6 желтоқсанда Три «Cash Machine» синглін және оған түсірілген музыкалық бейнебаянды шығарды. Синглмен бірге ол өзінің алғашқы студиялық альбомы — Ugly Is Beautiful туралы жариялап, оның 2020 жылғы 27 наурызда шығатынын мәлімдеді.[30] 2020 жылғы 25 наурызда Три Twitter желісіндегі парақшасында COVID-19 пандемиясына байланысты Ugly Is Beautiful альбомының жоспарланған мерзімде жарық көрмейтінін хабарлады.[31] Алайда 19 мамырда альбомның жаңа шығу күні 2020 жылғы 12 маусым болып белгіленгені жарияланды.[32] 2020 жылғы 8 маусымда Три альбомның шығарылуын тағы да кейінге шегеріп, жаңа күн ретінде 17 шілдені атады. Ол мұны Джордж Флойдтың қазасынан кейін АҚШ-та күшейген нәсілшілдік пен қара нәсілділерге қарсы полиция зорлығы мәселелеріне байланысты түсіндірді. Тридің айтуынша, қоғам назарын әлдеқайда маңызды оқиғаларға аударып отырған кезде альбом шығару орынды емес еді.[33] Ugly Is Beautiful альбомы ақырында 2020 жылғы 17 шілдеде жарық көрді.
2023–2026: Alone in a Crowd және Love You Madly Hate You Badly
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
2023 жылғы 3 наурызда Три 2023 жылғы алғашқы синглі — диджей әрі музыкалық продюсер Дэвид Геттамен бірлесіп жазған «Here We Go Again» әнін шығарды. Одан кейін 20 маусымда «Bounce» атты сингл жарық көрді. Сол күні ол Колорадо штатындағы Моррисон қаласы маңындағы Red Rocks Amphitheatre сахнасында концерт беріп, бұл әннің өзінің үшінші студиялық альбомы — Alone in a Crowd құрамына енетін алғашқы сингл екенін мәлімдеді.[34] 17 шілдеде Три Alone in a Crowd World Tour әлемдік гастрольдік турының 2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы ақпанға дейін өтетінін жариялады. Тур аясында ол Аустралияда америкалық рэпер Sueco-мен, Еуропа мен Ұлыбританияда Tommy Cash-пен, ал АҚШ-та Fidlar рок-тобымен бірге өнер көрсетуі жоспарланды. 21 шілдеде альбомның екінші синглі — «One & Only» жарық көрді. 2023 жылғы 1 қыркүйекте ол Super Computer электрондық музыка тобымен бірлесіп жазылған үшінші синглі — «Essence» әнін шығарды. 15 қыркүйекте альбомның төртінші синглі — «Fairweather Friends» жарық көрді. Alone in a Crowd альбомы екі аптадан кейін, 2023 жылғы 29 қыркүйекте шығарылды.[34] 2025 жылғы қазанда Три өзінің төртінші студиялық альбомы Love You Madly Hate You Badly-дің жетекші синглі ретінде «Superhero» әнін шығарды.[35]
2026 жылғы 9 сәуірде Love You Madly Hate You Badly альбомының 2026 жылғы 24 сәуірде жарық көретіні жарияланды.[36][37] Сол кезде Три Atlantic Records компаниясынан кетіп, альбомды өзінің Alien Boy Records дыбыс жазу лейблі арқылы тәуелсіз түрде шығаратынын мәлімдеді. Альбом 2026 жылғы 24 сәуірде жарық көрді.[38] 2026 жылғы 4 мамырда Три The World's First World Tour (сондай-ақ Love You Madly Hate You Badly World Tour деп те аталады) атты әлемдік гастрольдік турын жариялады. Бұл ауқымды тур жеті құрлықты қамтып, жыл соңына дейін 30 елде 70-тен астам концерт өткізуді көздеді.[39] Тур 2026 жылғы 30 мамырда Мехико қаласында басталып, 6 маусымда Сан-Паулу қаласындағы соңғы концертпен аяқталды.[8][40]
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Here's what you need to know about the Oliver Tree album you can't hear. Alternative Press. (March 27, 2020). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 маусым 2022. Тексерілді, 17 желтоқсан 2021.
- ↑ Sterdan, Darryl Albums Of The Week: Oliver Tree | Love You Madly, Hate You Badly. Tinnitist. (April 24, 2026). Тексерілді, 25 сәуір 2026.
- ↑ Magazine, Dork Oliver Tree has put out his fourth studio album 'Love You Madly Hate You Badly'. readdork.com. (April 24, 2026). Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 сәуір 2026. Тексерілді, 25 сәуір 2026.
- ↑ Thomas, Carly Oliver Tree, "Life Goes On" and "Miss You" Singer, Dies in Helicopter Crash at 32. The Hollywood Reporter. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 маусым 2026. Тексерілді, 14 маусым 2026.
- ↑ Quem era Oliver Tree? Músico americano que morreu no Rio de Janeiro(pt-BR). G1. (14 маусым 2026). Тексерілді, 14 маусым 2026.
- ↑ Дереккөз қатесі: Жарамсыз
<ref>тегі; no text was provided for refs named "allmusic" - ↑ Dominican Hospital: Births. Santa Cruz Sentinel. (July 16, 1993).
- 1 2 3 Santa Cruz's Oliver 'Tree' Nickell has reached the ears of world from his laptop. santacruzsentinel.com. (March 10, 2006). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қыркүйек 2022. Тексерілді, 21 маусым 2019. Дереккөз қатесі: Invalid
<ref>tag; name "auto1" defined multiple times with different content. - ↑ Leight, Elias (August 16, 2019). "Oliver Tree Is Outlandish, and It's Working". Rolling Stone. https://www.rollingstone.com/music/music-features/oliver-tree-do-you-feel-me-ep-868367/. Retrieved October 9, 2019.
- 1 2 Baine, Wallace Branching Out With Oliver Tree. santacruzsentinel.com. (June 22, 2016). Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 қыркүйек 2022. Тексерілді, 13 желтоқсан 2018.
- ↑ Oliver Tree's 'Can Die At Any Time' Remark Resurfaces Amid Death, Once Hallucinated His Own Funeral (ағыл.). BollywoodShaadis. (15 маусым 2026). Тексерілді, 15 маусым 2026.
- ↑ Terry, Josh. "Chartbreaker: Inside Oliver Tree's Retro, Meme-Friendly World And How He Turned 'Hurt' Into a Hit". Billboard. https://www.billboard.com/pro/chartbreaker-oliver-tree-ugly-is-beautiful-debut-interview/. Retrieved October 9, 2019.
- ↑ Weir, Mat Branching Out With Oliver Tree. euphoric.net. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 қазан 2018. Тексерілді, 31 шілде 2018.
- ↑ Viral Sensation Oliver Tree Releases Debut EP Alien Boy. Atlanticrecords.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 ақпан 2019. Тексерілді, 31 шілде 2018.
- ↑ Hayden Davies Watch the haunting video for Getter's Forget It, featuring Oliver Tree. The Music. (June 22, 2016). Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 наурыз 2026. Тексерілді, 14 маусым 2026.
- ↑ OWSLA Getter Oliver Tree Carson Daly. owsla.com. (November 3, 2016). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 қазан 2021. Тексерілді, 22 қазан 2021.
- 1 2 Oliver Tree, 'Alien Boy' and 'Life Goes On' Musician, Dies at 32 in Helicopter Crash. (June 14, 2026). Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 маусым 2026. Тексерілді, 14 маусым 2026.
- ↑ Mat Weir Santa Cruz's Oliver 'Tree' Nickell on Bowl Cuts, Selling Out and Hitting the Big Time. Good Times. (September 5, 2017). Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 шілде 2025. Тексерілді, 14 маусым 2026.
- 1 2 3 Дереккөз қатесі: Жарамсыз
<ref>тегі; no text was provided for refs named "auto4" - ↑ All That x Alien Boy. (February 16, 2018). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қараша 2019. Тексерілді, 31 шілде 2018.
- ↑ Oliver Tree is more than *just* a walking, singing, scootering meme. Australian Broadcasting Corporation. (February 2, 2020). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 сәуір 2026. Тексерілді, 14 маусым 2026.
- ↑ Lopes, Shane The Best (and Weirdest) Fashion at Coachella 2017. LAWeekly. Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 тамыз 2018. Тексерілді, 31 шілде 2018.
- ↑ Louis the Child at Hollywood Palladium on Sat Dec 16, 2017 8:00 PM PST — Live Nation. livenation.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 тамыз 2018. Тексерілді, 1 тамыз 2018.
- ↑ Skizzy Mars tour. DoLosAngeles.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 шілде 2025. Тексерілді, 16 маусым 2025.
- ↑ Oliver Tree Releases New Single 'Upside Down'. broadwayworld.com. (January 5, 2018). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қаңтар 2021. Тексерілді, 31 шілде 2018.
- ↑ Tree, Oliver Hurt. YouTube. (December 7, 2018). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қаңтар 2022. Тексерілді, 13 желтоқсан 2018.
- ↑ Oliver Tree (April 11, 2019), Oliver Tree – Fuck [Official Music Video], https://www.youtube.com/watch?v=H8QQHGupPrs, retrieved April 14, 2019
- ↑ Oliver Tree, Oliver Tree final tour Twitter Announcement, https://twitter.com/Olivertree/status/1137030005249077249, retrieved June 13, 2019
- ↑ Hartshorn, Tori Oliver Tree Drops Sophomore EP. Broadway World. (August 2, 2019). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 маусым 2020. Тексерілді, 16 қыркүйек 2019.
- ↑ Oliver Tree – Cash Machine [Official Music Video], December 6, 2019, https://www.youtube.com/watch?v=U1vGosMScjM, retrieved December 6, 2019
- ↑ Tree, Oliver pic.twitter.com/e3d7SbO8Bu. @Olivertree. (March 25, 2020). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қазан 2021. Тексерілді, 27 наурыз 2020.
- ↑ Oliver Tree on Instagram: "UGLY IS BEAUTIFUL IS OUT NOW...". Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қараша 2022. Тексерілді, 20 мамыр 2020.
- ↑ Instagram. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 қаңтар 2023. Тексерілді, 9 маусым 2020.
- 1 2 Oliver Tree Bounce. Preludepress.com. (June 21, 2023). Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 шілде 2023. Тексерілді, 25 шілде 2023.
- ↑ Murray, Robin Oliver Tree Announces New Album 'Love You Madly, Hate You Badly' | News. Clash Magazine. (February 23, 2026). Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 ақпан 2026. Тексерілді, 24 ақпан 2026.
- ↑ Sterdan, Darryl Albums Of The Week: Oliver Tree | Love You Madly, Hate You Badly. Tinnitist. (April 24, 2026). Тексерілді, 25 сәуір 2026.
- ↑ Magazine, Dork Oliver Tree has put out his fourth studio album 'Love You Madly Hate You Badly'. readdork.com. (April 24, 2026). Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 сәуір 2026. Тексерілді, 25 сәуір 2026.
- ↑ Instagram. www.instagram.com. Тексерілді, 9 сәуір 2026.
- ↑ Oliver Tree announces 2026 The World's First World Tour following album release. Melodic Magazine. (May 4, 2026). Тексерілді, 14 маусым 2026.
- ↑ Darville, Jordan Oliver Tree is reportedly dead at 32 from helicopter collision. The Fader. (June 14, 2026). Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 маусым 2026. Тексерілді, 14 маусым 2026.